Алматы. 22 тамыз. 7kun.kz – Қазкоммерцбанк пен Халық банкін біріктіру үдерісі аяқталды, интеграциялық шығындар $ 10 млн-нан асты (ағымдағы - 360,71 / $1), деп мәлімдеді Халық банкінің төрайымы Үміт Шаяхметова.
Ол сондай-ақ осы процестің ішінара шығындарын атады.
«Жалпы алғанда, 10 миллион доллардан асатын шығын шықты, бұл сыртқы консалтингтік төлем болып табылады, барлық көрсеткіштерді толығымен ашып бере алмаймын, бірақ ішкі жоспардың шығындары да бар», - деді баспасөз мәслихатында Ү.Шаяхметова.
Банк төрайымының берген ақпараты бойынша, Халық банктің таза кірісі биылғы жарты жылдықта 24,1 млрд теңгеге төмендеген. Ал, жылдың бірінші тоқсанындағы көрсеткіш 62,1 млрд теңгені құраған. Бұған 30,3 млрд теңге көлеміндегі ақшалай емес активтердің құнсыздануы, интеграцияға байланысты Қазкоммерцбанктің 43,3 млрд теңге көлеміндегі салық активінің мерзімі өтіп кеткендігі танылмауы себепші болған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024