Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Халықаралық Moody’s агенттігі ERG-дің несиелік рейтингін қайта қарады

Халықаралық Moody’s агенттігі ERG-дің несиелік рейтингін қайта қарады

Алматы. 9 тамыз. 7kun.kz – Халықаралық Moody’s агенттігі Табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу саласындағы жетекші әртараптандырылған компания – Eurasian Resources Group-тың несиелік рейтингін қайта қарап, топтың ұзақмерзімді несиелік рейтингін B2-ге жоғарылатып, оң болжамға өзгертті, деп хабарлайды компаниядан.  

Сәл ертеректе, 2018 жылдың 27 маусымында, Standard & Poor’s агенттігі де топтың несиелік рейтингін жоғарылатып, оған «В» деңгейін берген болатын. Екі жағдайда да рейтингтің қайта қаралуына ERG-дің қаржылық және операциалық қызметі көрсеткіштерінің тұрақты жақсаруы негіз болған.

Moody's агенттігі рейтингтің жоғарылауына сеп болған негізгі факторлар ретінде ERG-дің берешек жүктемесінің төмендеуі есебінен жеке несие қабілеті деңгейінің жоғарылауын, Топтың қаржылық ахуалының жақсаруын, соның ішінде ақша айналымы мен EBITDA мөлшерін атап көрсетті.

Бұдан бөлек, Moody's агенттігі компанияның қазіргі таңдағы рейтингтік санаттағы орныққан орнын да атап өтті. Сондай-ақ, алдағы 12-18 айда Конго Демократиялық Республикасында бұрынғы өндіріс қалдықтарынан мыс пен кобальт өндіретін аз шығынды гидрометаллургиялық кешкен – Metalkol Roan Tailings Reclamation (RTR) жобасының іске қосылуына орай ERG несиелік портфелін одан ары жақсартудың мол мүмкіндігіне ие екені ескерілген.

Похожие материалы