Алматы. 8 қаңтар. 7kun.kz – 2019 жылы Қазақстан "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы бойынша халықтың өнімді жұмыспен қамтылуы мен жаппай кәсіпкерлікке 123 млрд теңгеден астам қаржы жұмсайды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде хабарлады.
Басшылықтың хабарлауынша, ағымдағы жылы бөлінген қаражат көлемі 15 млрд теңгеге өсті. "Шығыстардың артуы бағдарлама аясында жаңа құралдар енгізілуіне байланысты. Бұл Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үй құрылысының жаңа тәсілі (пилоттық режим), сондай-ақ "Мәңгілік Ел Жастары – индустрияға" ("Серпін") жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау бойынша жобасы", – деп түсіндірді Еңбек министрлігі.Министрліктің мәліметінше, 2019 жылы 600 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді шаралар жүргізілетін болады. 2018 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша бұл көрсеткіш шамамен 631 мың адамды құрады.
Сонымен қатар, статистика комитетінің мәліметінше, 2018 жылдың ІІІ тоқсанында жұмыс күшінің саны 9,2 млн адамды құрады. Республика экономикасында 8,7 млн адам немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 66,6% - ы жұмыспен қамтылған. Олардың ішінде 2,1 млн адам өзін – өзі жұмыспен қамтығандар, 6,6 млн адам жалдамалы қызметкерлер. Жұмыссыздар саны 441,6 мың адамды құрады (4,8%). Бұл ретте Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында және Алматыда жұмыспен қамтылмаған адамдардың ең көп саны тіркелген.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024