Алматы. 2 шілде. 7kun.kz — Мемлекеттік бюджет Президенттің қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларын, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы азаматтарының борыштық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы" Жарлығын іске асыру мақсатында қайта қаралды.
Қаржы министрі Әлихан Смайылов Үкімет отырысында атап өткендей, нақтылауды ағымдағы жылдың сәуір айында түзетілген "Елдің 2019 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы" көрсеткіштерін сақтай отырып жүргізу ұсынылады.
2019 жылға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері өзгеріссіз қалады: түсімдер - 10,5 трлн теңге; шығыстар - 11,9 трлн теңге; тапшылық - 1,3 трлн теңге немесе ЖІӨ-нің 2,1%-ы.
«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін қаржылық қолдау Тікелей Инвестициялық қорды құруға бөлінген қаражаттың бір бөлігін (370 млрд теңгеден 300 млрд теңге) қайта бөлу арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттің шығыс бөлігін нақтылау үш бағыт бойынша жүзеге асырылды. Оның ішінде тұтыну несиелері бойынша халықтың борыштық жүктемесін төмендету жолымен. Қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтар санатына жатқызылған әрбір қарыз алушы үшін тікелей және атаулы қаржылық көмек ретінде мемлекет негізгі борышты және ол бойынша есептелген сыйақыны жалпы көлемі 300 мың теңгеге дейін өтейді. 250 мыңнан астам қарыз алушылар үшін бұл негізгі қарыз бен сыйақыны қоса алғанда, жалпы қарыз мөлшерін толық төлеуді білдіреді. Қалған қарыз алушылар үшін олардың қарызының бір бөлігі 300 мың теңге көлемінде өтелетін болады, бұл олардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру мен қарыз жүктемесін азайтуда айтарлықтай қолдау болады", - деді Қаржы министр.
Осы мақсатта жоба 88,5 млрд теңге сомасында шығындарды қарастырады.
Еске сала кетейік, 26 маусымда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтар үшін несие жүктемесін төмендету туралы шешім қабылдады.
Президент 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша кредиттік рақымшылық тек 3 млн теңгеден аспайтын қарыздарға қатысты болады деп атап өтті. Сондай-ақ 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борыш пен ол бойынша есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300 мың теңгеден аспауы тиіс
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024