Халықтың табысын арттыруға 197 млрд теңге бағытталады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасында халықтың табысын арттыруға бағытталған жалпы шығыстар 197 млрд теңгені құрайды. Осы қаражат аясында жастарды қолдау, өз бизнесін ашу үшін микрокредиттер беру, жалға алынған тұрғын үй үшін төлемнің бір бөлігін субсидиялау және халықтың нақты табысын арттыруға бағытталған басқа да іс-шаралар қамтамасыз етіледі. Cондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігіне 238 млрд теңге жұмсалады.
«Қосымша қаражат агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялауға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен кредит беру көлемін ұлғайтуға және ауыл шаруашылығындағы басқа да мәселелерді шешуге бағытталатын болады», – деді Ерұлан Жамаубаев.
Сондай-ақ, 476 млрд теңгені қамтитын қосымша шығыстар өңірлерді дамытуға бөлінеді.
«Аталған шығыстардың 271 млрд теңгесі немесе 57%-ы батыс және оңтүстік өңірлерді дамытуға бағытталған. Жалпы алғанда, нақтылауды ескере отырып, өңірлерге республикалық бюджеттен 5,5 трлн теңгеден астам қаражат немесе жалпы шығыстардың 29,3%-ы бағытталатын болады. Сондай-ақ, қосымша қаражат аясында инфляция дәлізінің өзгеруіне байланысты әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 10 млрд теңгеден астам шығыс көзделген», – деді Ерұлан Жамаубаев.
Қаржы министрінің айтуынша, осылайша бюджет түсімдері 15,8 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 17,3%-ды құрайды. Шығыстар 18,8 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 20,5% деңгейінде болжанып отыр.
«Бюджет тапшылығы бұрын бекітілген деңгейде сақталды. Барлық жоспарланған шаралар экономика мен өңірлердің дамуына серпін береді, халық табысының өсуін қамтамасыз етуі және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуы тиіс», – деді ол.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024