"Гелиос" ЖШС - Қазақстанда жанар-жағармай бөлшек саудасымен айналысады және мұнай өнімдерін өткізеді.
Анықтама:
- Құрылған жылы: 1999 жыл
- Саласы: мұнай өнімдерін сату
- Бас директор: Дамир Абдуллаев
- Қызметкерлер саны: 5000-ға жуық адам
- Бас кеңсесі: Алматы қаласы
Компания тарихы
"Гелиос" сөзінің мағынасы - Ежелгі Грекиядағы күн құдайы.
Компанияның негізі 1999 жылы 27 қыркүйекте қаланды. Қазақстан аймақтары бойынша бөлшек және көтерме сауда мен мұнай өнімдерін жеткізуге маманданған.
Компания құрылған күннен бастап өз автожанармай құю станциясы желісін кеңейту стратегиясы әзірленді.
2000 жылы шілде айында Алматыда бірінші "Гелиос" жанармай құю станциясының (ЖҚС) салтанатты ашылуы болды. Қарағанды қаласында екі жеке мұнай базасы болды.
Тараз, Шымкент және Қарағанды қалаларында филиалдар ашылды. Клиенттерге ыңғайлы смарт-карталар бойынша қызмет көрсету жүйесі іске қосылды.
Дәл осы жылы Алматы қаласы бойынша "Гелиос" ЖҚС саны 25-ке жетті.
2000 жылдың сәуір айынан бастап "Казнефтепродукт" ААҚ және "Dresser Wayne AB" компаниясының өкілдігімен бірлесіп біліктілікті арттыру бойынша арнайы курстарда оқу жүргізілді. 250 адам оқудан өтті.
2001 жылы Қазақстан бойынша "Гелиос" ЖҚС саны 61 бірлікті құрады. Астана, Павлодар, Өскемен қалаларында "Гелиос" жанар-жағар май құю станциялары ашылды.
"Сәттілік чегі" атты бірінші жарнамалық акция өткізілді.
2002 жыл - Қазақстан бойынша "Гелиос" ЖҚС саны – 86. Қостанай, Қызылорда және Семей қалаларында жаңа филиалдар ашылды. Қостанай қаласында "Гелиос" мұнай базасының ашылуы болды.
2002 жылы компания тарихындағы маңызды кезең АИ-93 "плюс" жоғары октанды бензинінің жаңа маркасын шығарылды.
"Леди 4*4"жарыстарына демеушілік жасады. "Гелиос" ат спорты бойынша халықаралық жарыстарға демеуші болды.
Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларында "Пора на Гелиос" 1-ші кең ауқымды жарнамалық акциясы өтті. Сондай-ақ, "Гелиос уақыты" акциясы ұйымдастырылды.
2003 жылы республика аумағында барлығы 134 Helios жанармай құю станциясы болды. Қолданыстағы филиалдарға Атырау, Екібастұз, Талдықорған, Ақтөбе, Орал, Көкшетау қалалары қосылды. Шымкент және Ақтөбе қаласында екі "Гелиос" мұнай базасы ашылды.
"Гелиос" "Alacard" жүйесінде қызмет көрсетілетін компаниялардың құрамына кіреді. "Гелиос-НАУРЫЗ" акциясы ұтыстарға ұялы телефондар мен магнитолалар ойнатты.
Сонымен қатар, 2003 жылы қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша сервистік бағдарламаны енгізілді.
2004 жылы Қазақстан бойынша "Гелиос" ЖҚС саны – 144. Қазақстанның 16 қаласында "Гелиос" жанар-жағар май құю стансалары болды. Алматы қаласында "Гелиос" жаңа мұнай базасының ашылды, барлығы 6 "Гелиос" мұнай базасы құрылды.
"Гелиос кард" бағдарламасы енгізілді. "Гелиос" негізгі стратегиялық бағыттарының бірі экологиялық саналы компания құру болып табылады. BASF концернімен ынтымақтасып EcoForce экологиялық қасиеттері жақсартылған отынды іске қосты.
2004 жылы 20 мамырда "Гелиос-Кард" иелеріне арналған конкурс өткізіледі, бас жүлде – Кипр аралына жолдама.
Батыс Қазақстан бойынша "Гелиос уақыты" бағдарламасы іске қосылды.
"Жаңа май құю" жарнамалық акциясы (мотор майын сатуды ұлғайтуға маманданған)өткізілді. Ресей газетінде "Гелиос" туралы мақала жарияланды.
2004 жылдан 2006 жылға дейін - ТҚС және автоорталықтармен жұмыс жүргізілді.
2005 жылы Қазақстан бойынша "Гелиос" ЖҚС саны – 181. Қазақстанның 18 қаласында "Гелиос" жанар-жағар май құю стансалары бар.
"Гелиос уақыты" акциясы бойынша ұялы телефондар, музыкалық орталықтар ұтыс ойыны және бас жүлде Нива автомобилі ойнатылды.
"Крест жорығына" демеушілік - Астанадан Алматыға дейінгі қазақстандық жолсыздықтар бойынша автожарыс.
"Target Vision" бағдарламасы және бүкіл Қазақстан бойынша "Гелиос уақыты" бағдарламасы іске қосылды.
2006 жылы Қазақстан бойынша "Гелиос" ЖҚС саны – 220. Осы жылы сайттың жаңа дизайны, рестайлинг тұжырымдамасы әзірленді.
Алматы қаласындағы "Жолдағы балалар" әлеуметтік жобасының демеушісі болды.
2007 жылы республикадағы "Гелиос" ЖҚС саны – 225-ке жетті.
"Delloite" компаниясымен "Гелиос" ЖШС басқару жүйесі мен бизнес үдерістерін диагностикалаудан өткізді.
2008 жылы Қазақстан бойынша "Гелиос" ЖҚС саны – 234. "Гелиос-Кард" іске қосудың 2 кезеңі жүрді. Акция Астана, Петропавл, Орал, Ақтөбе, Атырау, Екібастұз, Семей, Өскемен қалаларында және Спутник қалаларында іске қосылды.
Қорғас - №11 бірегей көпфункционалды жанармай құю кешенінің ашылуы өтті. Шу қаласында жаңа буын жанар-жағар май станциясы іске қосылды.
Марапаттары
- "Choice Of The Year In Kazakhstan" ("Қазақстандағы Жыл таңдауы") фестиваль-конкурсының ұйымдастыру комитеті HELIOS сауда маркасымен "Гелиос" компаниясын "Қазақстандағы 2001 жылғы №1 ЖҚС" номинациясында жеңімпаз деп таныды.
- "Choice Of The Year In Kazakhstan "("Қазақстандағы Жыл таңдауы") фестиваль-конкурсының "Қазақстандағы 2003 жылғы №1 ЖҚС" номинациясын жеңіп алды.
- 2003 жылы HELIOS бренді "Қызметтер және сервис" санатында қазақстандық "Brandof the year" конкурсының лауреаты атанды.
- Exsclusive (Алматы) журналының Ұйымдастыру комитеті 2004 жылғы респонденттер сауалдамасының қорытындысы бойынша Қазақстандағы беделді 50 компанияны ұсынды, онда "Гелиос" компаниясы Қазақстандағы Жылдың үздік компанияларының бірі деп танылды.
- "Choice Of The Year In Kazakhstan" ("Қазақстандағы Жыл таңдауы") фестиваль-конкурсының "Қазақстандағы 2007 жылғы №1 ЖҚС" номинациясында, "Гелиос" ЖШС "Үздік отын"номинациясында жеңімпаз деп танылды.
Қазіргі HELIOS
2019 жылғы жағдай бойынша республика аумағындағы "Гелиос" ЖҚС саны 270 бірлікті қамтиды. Олар 61қала мен елді-мекендерде орналасқан. Сонымен қатар, 26 мұнай базасы бар.
Компания құрамына 7 меншікті стационарлық және бір жылжымалы сапаны бақылау зертхана, ЖҚС жанындағы 255 шағын маркет, 55 майды ауыстыру орны кіреді.
Қызметтер
Компания келесі қызмет түрлерін ұсынады:
- Жанармай құю станцияларына жарнама беру
- Мини-маркеттер қызметі
- Шиномонтаж, шина сату дүкендері
- Автомобильдерді жуу және косметикалық қызмет көрсету
- Майды ауыстыру пункттері
- ЖҚС-да отын үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға мүмкіндік беретін талондар
- Smart-card ("Нelios" желісінің кез-келген ЖҚС-да автокөлікке жанармай құюға кепілдік беретін қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың ыңғайлы және тиімді әдісі).
- Жанармай құю бекеті жанындағы кафелер
Жобалары
- Bonus-CARD адалдық бағдарламасы
- Брендті отын - PRIME jet fuel
- Автомай
- "Қамқорлық" әлеуметтік бағдарламасы
- Транзит
Құрылтайшысы
"Гелиос" ЖШС жалғыз акционері - Рашит Сәрсенов.
Дереккөздер: helios.kz, forbes.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024