Жақында біздің редакциямызға «Хоум Кредит Банкінде» тәжірибеден өткен студент банкке жұмысқа тұра ала ма, қызметкер атану үшін қандай талаптары бар?» деген сауал келді. Біз оқырманымыздың сауалын банктің өзіне жолдап, «Хоум Кредит Банкі» сарапшы позицияларына маман қабылдау бөлімінің басшысы Ольга Жаркованың мынандай жауабын алдық:
Хоум Кредит Банкінде тәжірибеден өткен студенттің банкке жұмысқа қабылдануы мүмкін бе?
Банкте жас дарындардың қабілетін ұштауға арналған «Start Smart with Home Credit» бағдарламасы жұмыс істейді. Біз жыл сайын ондаған түлекке өздерін көрсетуге мүмкіндік береміз. Олар бірнеше ай салмақты жобалармен айналысып, нақты мәселелерді шешіп, өз идеяларын қорғайды. Бағдарламадан кейін жақсы нәтижелер көрсеткен олар біздің қатарымызға қосылады.
Қазіргі жетекшілеріміздің көпшілігі «Start Smart with Home Credit» бағдарламасынан түлеп ұшқандар және біздің мәдениетіміздің өкілдері.
Оқуын аяқтауға шақ қалған болашақ түлек штатқа кіру үшін «Хоум Кредит Банкінің» қандай талаптарына сай болуы керек?
Біз әлеуметтік белсендікке ие жастармен тығыз қарым-қатынастамыз. Адамдарды жақсы көретін, әлемді жақсартуға тырысатын, нәтижеге ұмтылатын және бізбен бірге дамуды қалайтын адамдармен біргеміз. Хоум Кредитте жобалардағы өз идеяларын жүзеге асыруға және кәсіби түрде дамуға мүмкіндік береміз.
«Хоум Кредит Банкі» ұжымында жұмыс істеуге лайықты негізгі жеке қасиеттер қандай?
Адам бойындағы мынадай қасиеттерді бағалаймыз - сапалы нәтижеге ұмтылу, жаңашылдық, іскерлік және қалтқысыз әділдік сезім. Сондай-ақ, белсенді өмірлік ұстаным, мамандыққа деген ынта деңгейі, өзін-өзі дамытуға бейімдік, еңбоққорлық пен жұмысына ынтасы, қарым-қатынас дағдылары болғаны маңызды.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға сіздің банкте қандай жағдай жасалған?
Біз тең мүмкіндікті ұстанамыз. Әрбір адамға, оның ішінде ерекше қажеттіктері бар адамдарға қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етеміз.
Біздің байланыс орталығымыз толығымен мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген. Есіктер, дәліздер мүгедектер арбасын жүргізуге қолайлы, кеңейтілген жұмыс орындары, пандустар, арнайы жабдықталған дәретханалар бар. Осы жоба үшін біз 2016 жылы «Орталық Азиядағы HR бренді» беделді марапатына ие болдық, оны жыл сайын hh.kz жетекші рекрутингтік интернет-порталы ұйымдастырады.
Қазір біздің командада ерекше қажеттіктері бар адамдар толыққанды жұмыс істейді және бізбен бірге кәсіби түрде дамуға мүмкіндік алған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024