Экономика
Хромтаулық әйел телефон арқылы SMS-кодты хабарлап, 10 млн теңгесінен айырылды
Ақтөбе. 8 маусым. 7kun.kz – 53 жастағы Хромтау тұрғыны алаяқпен телефон арқылы сөйлескеннен кейін 10 миллион теңгесін жоғалтып алды. Бұл туралы Ақтөбе облысының полиция департаменті хабарлады.
Қоңырау шалушы өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, әйгілі алаяқтық схеманы пайдаланып, қала тұрғынына есепшотын қауіпсіздендіруді ұсынған. Алаяқ ол үшін телефон арқылы әйелге келген SMS-кодты енгіземін деген. Жәбірленуші оның барлық айтқанын орындаған.
Полицейлер қылмыстық іс қозғап, қоңырау шалушының жеке басын және оның ықтимал сыбайластарын анықтады.
«Банктің өзі клиентке күдікті транзакциялар туралы хабарлау үшін ешқашан қоңырау шалмайды», – деп еске салды полиция.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024