Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz - Еуропаның ірі HSBC банкі 2017 жылдың І тоқсаны қорытындысы бойынша есеп берді. Салық төленгенге дейінгі банк табысы 5 млрд долларды құрады. Бұл 2016 жылдың І тоқсанындағы көрсеткіштен 19 пайызға кем. Бұл туралы kursiv.kz хабарлады.
Бірақ табыс сарапшылардың болжамынан асып түсті. Олар көрсеткіш 4,3 млрд доллар деңгейінде болады деген.
Ал алғашқы кварталдағы жалпы түсім 13 млрд долларды көрсетті. Бұл өткен жылдан қарағанда 13 пайызға төмен.
Бас директор Стюарт Гулливер табыс мөлшерінің азаюы жеке қарыз мөлшерінің өзгеруіне байланысы деп түсіндірді.
Сонымен қатар, ол 1 млрд долларлық акцияларды сатып алу бағдарламасының аяқталғанын айтты.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024