Алматы. 25 ақпан. 7kun.kz - Huawei компаниясы 5G желілерінде жұмыс істейтін флагмандық смартфонды ұсынды, деп хабарлайды РБК. Модельдің ерекшелігі - бүктелетіндігі.
Смартфонның бүктелген күйінде 2 экраны бар. Ал тегіс жағдайда экраннның диоганалі - 8 дюйм, бұл өткен апта таныстырылған бәсекелесі Samsung Fold-қа қарағанда көп.
Huawei-дің жаңа смартфонының иелері үшін экранның үш нұсқасы бар: негізгі түрі — 6,6 дюймдік (2480 × 1148 пиксель); сыртқы түрі бүктелген, автопортреттер үшін - 6,4 дюймдік (2480 × 892); планшетті, тегіс күйінде - 8 дюймдік экран (2480 x 2200).
Жаңа смартфонның құны - 2 мың 607 доллар. "Бұл болашақ смартфоны. Ондағы интернет жылдамдығы - әлемдегі ең жоғары", - деді Huawei компаниясының сату жөніндегі директоры Ричард Ю.
Айта кетейік, дәл осындай бүктелетін планшетті Samsung та ұсынды. Корей компаниясының жаңа үлгісі 2 мың долларға бағаланды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024