Астана. 9 ақпан. 7kun.kz - Халықаралық валюта қорының Қазақстандағы миссиясының басшысы Марк Хортон Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтің жұмысын бағалады.
«Біз Данияр Ақышевқа қысым жасалып жатқанын білеміз. Бұл оның сәтті жұмысының белгісі болса керек. Оның қызметі оңай емес. Дағдарыс кезінде экономика тұрақты болу үшін пайыздық мөлшерлемені бір шамада ұстап тұру мен инвляцияны төмендету – өте қиын іс. Бұл экономикада біршама қысым тудырады. Яғни, банктер өтімділікті ұсыну үшін кейбіреулерге пайыздық мөлшерлеме төмен болғаны керек», - деді Хортон.
ХВҚ өкілі БТА мен банк секторының қайтарылмаған қарыздарына қатысты мәселені қозғады. Оның айтуынша, бірнеше жылдан бері жиналып қалған бірнеше жылдан Данияр Ақышев осы мәселені шешкелі жатыр.
«Екінші деңгейлі банктердің акционерлері өте мықты, онда ірі тұлғалар жүреді. Сондықтан аталған сектордағы проблеманың акционерлер тарапынан реакция тудыратынын білеміз. Бұл – қалыпты құбылыс. Кез келген елде орталық банктер екі бағыт бойынша жұмыс істейді: бір жағынан инфляциялық қысымды азайтады, екіншіден банк секторының ұзақмерзімді мәселелерін шешеді. Біздің ойымша, Ақышев өз жұмысын жақсы атқарып отыр», - деді Хортон.
Естеріңізде болса, үкіметтің президент қатысқан отырысында Назарбаев Ұлттық банктің жұмысына араласқандары жазалау керек екенін айтқан. Президент орталық банк төрағасының жұмысын жақсы бағалап, оған банк секторын ары қарайда реттей беруді тапсырған еді.
"Біз реттеуге кедергі келтіретіндерге шара қолданамыз. Банктер әлсіз. Бар-жоғы 4 банк банктің 80 пайыз акциясын ұстайды, қалғандары 26 пайыз, кейбірінде тіпті 1 пайыз да жоқ. Дағдарыс болған кезде, ірі компаниялар әдетте бірігеді. Біріксін, акционерлер банкін сақтап қалғысы келсе, өз акцияларын ортаға шығарсын. Банкті сақтаудың басқа амалы жоқ. Олар экономикаға керек емес, демек жұмыс істеуіне де қақы жоқ. Дұрыс қой? Міне, ешкімнен қорықпа! Жұмысыңды еркін істей бер! Бәрі заң бойынша, орнымен. Біреу араласса, маған фамилиясын айт", — деді Назарбаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024