Астана. 8 ақпан. 7kun.kz - БТА-ның токсинді активтеріне қатысты мәселені шешу үшін Қазкоммерцбанкке қаржылай көмектесу керек. Мұны акционерлер мен проблемалы кредиттер қоры өз мойнына алуына болады. Қазақстандағы Халықаралық валюта қоры миссиясының басшысы Марк Хортон осындай мәлімдеме жасады.
"Төленбеген ірі кредиттері бар БТА-ның портфелін Halyk bank алғысы келмейді. Сондықтан аталған мәселені шешу үшін Қазкоммерцбанкке қаржылық қолдау көрсету керек". Халық банктің Қазкоммерцбанк акцияларының пакетін сатып алуына қатысты пікір білдірген Марк Хортон осылай деді.
ХВҚ өкілінің айтуынша, Қазкоммерцбанктің қаржылық мәселесі тез арада шешіліп, өтелмеген кредиттер мен проблемалы активтерге қатысты қандай да бір келіспеушілік болмауы керек.
"Қаражатты проблемалы кредиттер қоры бөлу керек. Біздің ойымша, акционерлердің өздері де қаржылай қолдау білдіруі тиіс. Егер акционерлер қаржы бөлмесе, мемлекеттің қаражатын алуға тура келеді. Бірақ ол Ұлттық банк пен зейнетақы қорынан емес, мемлекеттік бюджеттен бөліну керек. Осы арқылы бұл банк Қазақтандағы серіктес болуға лайықты мықты банк бола алады", - дейді ХВҚ өкілі.
Халық банк төрағасы Үміт Шаяхметова екі банк арасындағы келіссөзге қатысты алғашқы ақпарат осы жылдың ақпанында шығуы мүмкін екенін айтқан. Естеріңізде болса, қаңтардың 20-сында «Қазкоммерцбанк» АҚ мен «Халық банк» АҚ алдын ала келіссөздер жүргізе бастағанын мәлімдеген еді.
2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазкоммерцбанк активтерінің көлемі бойынша 34 банктің ішінде 1-орынға, Халық банк 2-орынға тұрақтаған. Қазкоммерцбанк акционерлерінің қатарында Кеңес Рақышев - 43,23% (Qazaq Financial Group арқылы жанама тиесілі акциямен есептегенде, бақылауда акцияның жалпы көлемі - 71,31%), "Самұрық-Қазына" - 10,72%, Нұржан Субханбердин - 5,99%, "Орта Азиялық инвестициялық компания" - 8,79%, басқа да акционерлер - 3,19%.
Ал Халық банктің негізгі акционері Динара Құлыбаева мен Тимур Құлыбаев негізгі акциясына ие - "Алмэкс" холдингтік тобы" АҚ (63,73%).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024