Халықаралық валюталық қоры (ХВҚ) Грекия мен еуроаймақтың басқа елдері арасындағы қаржылық көмек туралы келісімді сынға алды. ХВҚ Грекияның қаржы алу үшін жүргіземіз деп уәде берген реформаларды шындыққа сай емес деп есептейді.
Қордың бағалауынша, алдағы 2 жылда Грекияның сыртқы қарызы елдің ЖІӨ-нен асып түседі. Ал келісімде көрсетілген Грекияның экономикалық даму көрсеткішіне жету мүмкін емес. Грекиялық қарызбен тек Еуроодақ қарауға дайын шаралардың шеңберінен асып түсетін қадамдар арқылы ғана күресуге болады дейді қор басшылығы. ХВҚ ұсынып отырған нұсқалардың бірі ретінде Грекияны еуропалық қарызын жабу үшін 30 жылдық жеңілдік мерзімі мен несиені төлеу мерзімін күрт қысқартуды айтуға болады. Қаржылық ұйым дағдарыстан шығу жолы ретінде грекиялық қарызды "кешіре" салуды қосқанда тағы бірнеше ұсыныстар айтқан еді. Бірақ Грекияның өзге несие берушілері Еуропалық комиссия мен Еуропа орталық банкі бұған қарсы шықты. Осыдан кейін ХВҚ егер ұсынған шаралар қабылданбаса, ары қарайғы Грекияға көмек бағдарламасына қатыспайтындығын білдірді. Валюталық қор Грекияны құтқару үшін бөлінген қаржы жеткіліксіз деп есептейді. Қаржы ұйымының сарапшылары республика қарызының жартысын сызып тастап, несиені төлем уақытын 30 жылға дейін ұзартуды ұсынып отыр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024