Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

І тоқсанда Қазақтелекомның таза пайдасы 1,5 есе өсті

І тоқсанда Қазақтелекомның таза пайдасы 1,5 есе өсті

2015 жылдың І тоқсанында "Қазақтелеком" АҚ таза пайдасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,6 есе өсіп, 12,15 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы сейсенбі күні жарияланған компанияның толық емес қаржылық есептілігінде жазылған.

Көрсетілген кезең ішінде компания активтерінің саны 2,2%-ға, 397,64 млрд теңгеге дейін қысқарды, мұның ішінде 62,87 млрд үлесі - қысқа мерзімді. Ұзақ мерзімді міндеттемелер көлемі 15,6%-ға, 57,59 млрд теңгеге дейін төмендеді, ал қысқа мерзімді міндеттемелер 36,6%-ға, 30,04 млрд теңгеге дейін қысқарды. Осы уақытта компания капиталы 4,07%-ға, 310 млрд теңгеге дейін артты.

Осы кезең ішінде Қазақтелекомның жалпы түсімі 48,21 млрд теңгені қамтыды, өсім - 4,8%. Бұл ретте, компанияның операциялық табысы 86,5%-ға, 14,35 млрд теңгеге дейін артты. Әкімшілік шығын 2,8%-ға, 4,66 млрд теңгеге дейін артқан.

Похожие материалы