Алматы. 28 сәуір. 7kun.kz - Биылғы жылдың 1 тоқсанында Еуразиялық банктің таза шығыны былтырғы жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда 24,5%-ға ұлғайып, 6,259 млрд теңгені құрады. Бұл туралы Қаржылық есептің халықаралық стандарты (ҚЕХС) бойынша жасалған банктің есебінде айтылды.
Салық төленбей тұрып шығындар 3.8 пайызға, яғни 6.213 млрд теңгеге, ал таза пайыздық табыс 8.9 пайызға, яғни 7.765 млрд теңгеге қысқарған. Таза комиссиялық табыс 2.2 есеге өсіп, 3.268 теңгені құрады.
Банктің активтері 2017 жылдың басынан бері 2,9 пайызға өсіп, 1,035 трлн теңгеге жеткен. Міндеттемелері 945,499 млрд теңгеге, жеке капиталы 89,852 млрд теңгеге өскен. Ал жарғылық капиталы өзгеріссіз қалып, 51,135 млрд теңгені құрады.
Депозит портфелінің көлемі 6,9 пайызға өсіп, 717,475 млрд теңгеге жетті, кредиттік портфель, керісінше, 3 пайызға қысқарып, 675,393 млрд теңге болды.
Ұлттық банктің ақпаратына сүйенсек, Еуразиялық банк 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы активтерінің көлемі бойынша еліміздегі 33 банктің ішінде 10-орында тұр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024