
Алматы. 19 ақпан. 7kun.kz – Американдық US News & World Report журналы сауалнама негізінде әйелдер үшін үздік елдердің рейтингін жасады. Оған әлемнің 80 елінен 9 мыңнан аса әйел қатысты, - деп хабарлайды Еuropulse.
Швеция әлемде әйелдер үшін ең қолайлы мемлекеттер рейтингінде (Best Countries for Women) көш бастады. Екінші орында Дания тұр, ал үшінші орынға Канада жайғасты.
Рейтинг мәліметінше, бұл елдер денсаулық сақтау, білім беру, жұмысқа орналастыру, экономика және саясат салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігін жақсы қамтамасыз етеді.
Рейтингтің бірінші ондығында Еуропаның 5 елі болды: Швеция мен Даниядан басқа, бұл Нидерланды (5-ші орын), Финляндия (6-шы) және Германия (10-шы орын). Рейтингке барлығы 80 ел кірді, Қазақстан 59-шы орынға тұрақтады.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025