Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

IFC мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ынтымақтастықтың бірінші кезеңін қорытындылады

IFC мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ынтымақтастықтың бірінші кезеңін қорытындылады

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – Бүгін Дүниежүзілік банк тобына кіретін IFC мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 2018 жылдың соңында қаржы ұйымдары арасында қол қойылған келісім шеңберіндегі банктің ағымдағы жұмысын талқылады. Аталған келісімнің мақсаты – ҚТҚЖБ үшін жаңа несиелік өнімді жасап шығару.

Екінші кезең барысында қолданыстағы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі өнімдерінің тізбесін жетілдіру, Қазақстандағы тұрғын үй несиесін берудің қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңа өнімдер мен қызмет түрлерін іске қосу жоспарлануда.

«Бүгінгі күні Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі баспана сатып алудың ең қолжетімді тәсілі болып саналады. Оған 1,3 млн. қазақстандық сенім артқан, ал бұл елдегі экономикалық-белсенді халықтың 13,8%-ын құрайды. Банк 172 мың қазақстандық азаматтарға тұрғын үй жағдайын жақсартуға көмектесті.  Банк салымшыларының арасында қоныс тойын тойлағандар санын арттыру мақсатында біз халықаралық деңгейге шығудамыз. Бұл қосымша инвестицияларды тартуға және де тұрғын үй мәселесін шешудің жаңа құралдарын ендіруге жол ашады. Мұндай ынтамақтастықтан бірінші кезекте банк салымшылары ұтады. Олар көпжылдық халықаралық тәжірибеге негізделген сапалы қызмет түрлерін алып, өз баспаналарына қол жеткізеді», - деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Сондай-ақ, IFC қазіргі уақытта қазақстандық банктер мен қаржы мекемелерінің әлеуеті тұрғын үйді қаржыландыру жүйесінде жоғары екендігін атап өтті.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен ынтымақтастық орнату барысында IFC тұрғын үйді қаржыландыруға қатысты бүкіләлемдік ең озық тәжіриені қолданады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ұсынатын жаңа өнімдер мен қызмет түрлері еліміздегі тұрғын үйді қаржыландыру нарығының қарқынды дамуына жол ашады. Сондай-ақ, Қазақстан халқына қолжетімді ипотекалық несиені ұсынуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Орталық Азия бойынша IFC аймақтық өкілдігінің басшысы Кассандра Колберт.

IFC тұрғын үйді қаржыландыру саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық инвестор болып табылады және тұрғын үйді қаржыландырудың сенімді әрі аса қолжетімді нарығын дамытуға жағдай жасау үшін ең озық тәжірибе мен инвестициялық қызмет түрінің бірегей тәсілін ұсынады.

Похожие материалы