Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде соңғы 2 жылда 100 астам сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген. Бұл туралы Ұлттық бюро төрағасының орынбасары Қабдула Шыңғыс мәлімдеді.
Спикер бірінші басшылар тарапынан облыстық филиалдар мен құрылымдық ұйымдарды жемқорлыққа тарту арқылы тұтас қылмыстық схема құрылатынын айтты.
«Соңғы 2 жылда 100 астам сыбайлас жемқорлық қылмыстары тіркелген. 59 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 41 адам сотталған. Олардың арасында республикалық деңгейде – 4, облыстық деңгейде – 30 басшы бар», - деді ол
Ұлттық бюро төрағасының орынбасары ведомствоның бөлімшелеріндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы айта кетті.
«Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының 70% көлік, геология комитеті мен «Қазавтожол», кәсіби әскери мектеп секілді РМК ведомстволық бағынышты ұйымдарының лауазымды тұлғалары жасаған. Сыбайлас жемқорлық фактілері негізінен келісімшарттарға қол қою үшін пара беру, заңсыз қызметтерді қамқорлыққа алу, әкімшілік шаралардың қабылданбауы, сондай- мемлекеттік сатып алулар арқылы бюджет қаржысын жымқырумен байланысты», - деді Шыңғыс.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024