Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Үйіңіз бен өміріңізді тәртіпке келтіру өнері

Үйіңіз бен өміріңізді тәртіпке келтіру өнері

Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – OLX-те керек емес заттарға жаңа мән беру жолын біледі. Балаларды қорғау күніне орай компания өз қызметкерлерінің арасында ерекше қайырымдылық акциясын өткізді. Олар OLX-ке өздері пайдаланбайтын әртүрлі заттарды сатуға шығарып, одан түскен ақшаға №1 Алматы балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін сыйлықтар сатып алып, мереке ұйымдастырды. 

«Компаниямыздың қызметкерлері үйлерінен пайдаланып болған заттарын алып келді. Кейбір заттар жаныңа жақын болғандықтан, оларды лақтыруға қимай жүресің. Бірақ уақыт өте келе осындай заттардың саны көбейіп кетеді болып кетеді. Керек емес заттарды сатып, біз өз үйлерімізді тазалаумен бірге мұқтаж жандарға да көмегіміз тиіп қалуы мүмкін. Науқанымыздың нәтижесінде OLX-те 25 хабарлама шықты. 20 зат өзінің жаңа иелерінің қолына тиді. Ал сатудан түскен ақшаға біз балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін мереке ұйымдастырдық», – дейді OLX компаниясының бизнес-клиенттермен жұмыс істеу бөлімінің басшысы Меруерт Көшкінбаева.

1 маусым күні OLX қызметкерлері балалар үйіне доптар, ойыншықтар, үстелде ойнайтын ойындар алып келді. Тәрбиеленушілермен бірге Балаларды қорғау күнін конкурстармен, сабын көпіршіктерімен және фейерверктермен атап өтті.

«Осы процестің өзі, зат таңдау, хабарлама құру, мен үшін жүректі толқытатындай әсер берді. Мен бір көйлегімді сатып, өзімді балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін өткізілген осы мейрімді мерекенің бір бөлігі ретінде сезінемін. Бұған қоса, мен Мари Кондо теориясын қолдап жүрмін: оның мағынасы – өз баспанаңды қажетсіз заттардан босату. Өзің пайдаланған ескі затыңа алғыс айтып, басқаларға да пайда әкелсін деп бере салу керек», – деп, OLX бизнес-клиенттермен бірлесіп әрекет ету жөніндегі маманы Айғаным Қуантай өз пікірімен бөлісті.

Сонымен бірге Айғаным Қуантай «Сиқырлы тазалау. Үйіңіз бен өміріңізде тәртіп орнатудың жапон өнері» атты бестселлердің авторы болып табылатын Мари Кондо кеңестерімен бөлісті: 

1.Шкафыңызға қарап, «бір керегі тиіп қалар» деген санатағы заттарды іздеп көріңіз. Бұл қандай заттар екенін бәріміз білеміз: бес жыл бұрын сатып алынған және бір-ақ рет киілген тауға киетін комбинезон, биыл 10-сынып бітіретін балаңыздың ойыншықтары және де біз көзге көрінбесін деп, шкафтың арғы бұрышына тығып қоятын көптеген заттар. Осындай нақты бір заттың сізді қуантатындай пайдасы бар ма деп, өзіңізге сұрақ қойып, ол зат қуантпаса, оны «лақтыру керек» деген санатқа жіберіңіз.

2. Осы заттарға байланысты өміріңізде болған бар жақсылықты есіңізге алып, оларға өз алғысыңызды айтыңыз.

3. Бұл затты таныстарыңызға бере салыңыз немесе OLX-ке хабарлама беріңіз.

OLX компаниясында қазақстандықтар олардың бастамасын қолдайды деген үміт артуда, өйткені бұл мұқтаж жанға көмек көрсетудің өте қарапайым жолы.

Похожие материалы