IKEA дүкендері Wal-Mart-ты еске түсіреді. Яғни, бағалары арзан, қала сыртында орналасады және алуан түрлі тауарлар шығарады. IKEA тауарларының сапасы орташа, бағасы қолжетімді. Осынысымен де тұтынушылар көп. Сапасы төмендеу деп шулаған адамның өзі дүкенге кірген бойда бір нәрсе болмасын сатып алып шығады. Батыс Еуропа үйлерінде кем дегенде бір IKEA тауары табылады. Мұның сыры неде?
Ең басты себебі - бағаларының төмен болуы. Бірақ, одан бөлек өзіне тартатын бірнеше қасиеттері бар. Ол қасиеттерді атамас бұрын, компанияның "дүниеге келуі" туралы айтып өтейік. Компания тарихы негізін салшуы Ингуар Кампрадтың дүние есігін ашқан кезінен басталады деседі.
Мынау жарық дүние немесе бәрі қалай басталды?
[caption id="attachment_20045" align="alignleft" width="300"] Кампрадтың туған жері. Смоланд, Швеция[/caption]Ингуар Компрат Швецияның Эльмхульт атты қаласында дүниеге келген. Оның тегінде аса табысты болмаса да кәсіпкерлер бар. Атасы мен әжесі саудамен айналысқан адамдар. Осы сауданы дамытамын деп несие алған атасы қарызын өтей алмай, ақыры өз-өзіне қол жұмсайды. Ингуард те қаражатқа қатысты дүниеге бір табан жақын болып өседі. Мәселен, 5 жасында-ақ сіріңке сатып, мектеп кезінде балық, шемішке, ашық хаттар сатумен айналысқан. Оны шынықтырған осы мектеп деуге болады. Себебі, Ингуардың жоғары білімі жоқ. Арнайы оқуын оқымаған, бизнес туралы кітаптардың оқырмандары санатында да болмаған. Оның бар білгені жеке тәжірибесіне, ықыласына негізделген.
1943 жылы алғашқы швед компаниясы IKEA құрылады. Ол автоқаламдар сатумен айналысқан. Жиһаз шығарарынан 5 жыл бұрын Ингуар Франциядан қалам импорттайды. Компания құруының да басты себебі - жеткізушінің қойған талабын орындау. 17-жасар бала өз атына фирма тіркей алмасы анық. Сондықтан кәсібін бастауына әкесі көмектеседі.
[caption id="attachment_20049" align="alignright" width="300"] Ингуардың туған қаласында ашылған алғашқы дүкен[/caption]IKEA атауы қысқартылған сөздерден құралған. Алғашқы екі әрпі - Ингуар Кампрадтың өзінің есімі, одан кейінгісі Ингуардың әкесі құрған компанияның атауы - Ельмтарюд, және соңғысы - өзі туып өскен жердегі шіркеудің атауы - Агунарюде.
Осылайша, 1943 жылы компанияның негізі салынды. Сауда жүргені сонша, 2 жылдан кейін-ақ Кампрад жергілікті басылымдарға жарнама бере бастайды.
IKEA несімен ерекше?
Арзан
Төмен бағалар - барлығының назарын аудартып жүрген нөмірі бірінші себеп осы. Сатып алушылардың жарнама еститіні осы, дүкенге кірсеңіз, әрбір 50 метр сайын есіңізге салып тұратын "тірі" жарнамалаушылар жүреді.
Арзан дегенге бәрі бірдей деп ойлап қалмаңыз. Төмен бағамен қарапайым дизайндағы және алғашқы материалдың өңделген түрін ғана ала аласыз.
Шведтің алпауыт дүкендері тек қала шетінде орналасатынын айтқан едік. Компанияда жалгерлік ақыға байланысты өзінің шектеулері бар. Былайша айтқанда, жал бағасына үнемдеу арқылы бағаларды төмен етіп ұстап тұрады.
IKEA - қойма құрылымы мен логистикасы бар алғашқы жиһаз дүкені. Дүкен ашылған күні келушілер санында шек болмай, амалы қалмаған Ингуар қойманың есігін ашқызып, тұтынушыларға сол жерден алғысы келгенін ала берсін деген шешімге келеді. Осы шешім кейіннен IKEA-ның ерекшелігіне айналарын басшы сол кезде сезбеген де шығар?!
Ыңғайлы
IKEA-ның барлық дүкендері ана мен бала бөлмесі бар. Сонымен қатар, жасы үлкендеу балаларға арналған бөлек ойын бөлмелері де бар.
Дүкендерде қарындаш, қағаздар тарату тәсілін де ойлап тапқан да осы шведтер.
Сатып алушыларға қалағанын істеуге рұқсат. Бөлмедегі заттардың орнын ауыстырғыңыз келсе, ұйықтағыңыз келсе, тәрелкелерді құрастырып пирамида жасағыңыз келсе - мархаббат! Ешкім сізге "болмайды" демейді.
Қатал
IKEA менеджерлері қымбат көлік алып, бизнес-класспен ұша алмайды. Іс-сапарлар кезінде үш жұлдызды қонақ үйде ғана тоқтай алады. Басқа амал жоқ, шарт сондай. Көнесіз, басқа не істей аласыз?
Қызметкерлер үнемі қатаң бақылауда болады. Мәселен, менеджерлер қол астындағылардың жеке поштасын тексеруге құқылы.
IKEA серіктестерімен де "қатал" қарым-қатынаста. Компания ұраны - сатып алушыларға мейірімділікпен, серіктестерге - қаталдықпен қарау. Тіпті ел ішінде мынадай аңыз да бар: IKEA-да жұмыс жасаған алғашқы екі жылдағы табысыңыз компанияда қалады деседі.
Өте қу
IKEA жәшіктері тек өздеріне ғана сәйкес келеді. Сонымен қатар, қорапшалар, төсек-орын жабдықтар және бәрі-бәрі. Дүкендердің құрылымы лабиринт іспеттес. Кіретін есіктен шығатын есікке дейін барлық бөлімшелерден өтіп шығуыңыз керек. Себебі, жол біреу ғана.
Ойламаған затты алу бұл дүкенде жиі орын алып тұрады. Бір затты әр бөлімнен 5 рет көріп шығуыңыз мүмкін. Бірінші көргенде "О, мынау жақсы зат екен", екіншіде тағы көзі шалады, үшіншісінде "Мүмкін, бір кәдеме жарап қалар" деп, төртіншіде "Көзіме шалына берді ғой", бесіншісінде - "Тағдыр шығар, ала салайын" деп кассадан бір-ақ шыққаныңызды өзіңіз байқамай қаласыз. Оның үстіне, бағасы да 290-490 теңге ғана болып тұрса...
Компания Швециядан екенін айта беруден жалықпайды. Дүкен сөрелерінде швед тілінде кітаптар қойылады, швед мерекелерінде жеңілдіктер, асханада швед тағамдарының бірнеше түрлері самсап тұрады. Қай елде, қай жерде болмасын IKEA өзін Швецияның елшісі ретінде ұстайды.
Табысты бизнесмен Ингуар Кампрад туралы қызықты фактілер:
- Жасөспірім шағында Кампрад өзінің неміс әжесінің ықпалымен нацистік қозғалысқа қатысқан. Әжесі "әсіре Гитлершіл" кісі болған. Кейін бұл қылықтарын қателік деп мойындап, қызметкерлерінен кешірім сұраған хат жолдаған.
- 1956 жылы Кампрад жиһаз нарығына жаңалық енгізеді. Сатып алушылар өздері құрастырып алатындай етіп жаңа әдіс ойлап табады. Бұл бір жағы тауарды тасымалдауға ыңғайлы болса, екінші жағы - шығынды азайтады.
- Ингуар — IPO-ға қарсы адам. «Қор нарығы - IKEA үшін амал бола алмайды,» – дейді Кампрад.
- ИКЕА тарихы туралы екі кітап жарық көрген: 1976 жылы Кампрад "Жиһаз дилерінің өсиеті" (A Testament of a Furniture Dealer) атты, 1990 жылы шевд журналисімен бірлесе отырып «Дизайнды басшылыққа ала отырып: IKEA тарихы» (Leading by Design: The IKEA Story) — атты қос кітап шығарған.
- Кампрад — өте қарапайым кісі, мүмкін "сараң" деу керек шығар. Қалай дегенде де, эконом-класспен ұшып, іс-сапарларға барғанда үш жұлдызды қонақ үйде тұруды жөн көреді. Ондаған жылдар бойы бір Volvo-мен жүрген десек, сенесіз бе?
- Бүгінде әлемнің 47 елінде IKEA-ның 370-ке жуық дүкендері бар. Және бір қызығы - Кампрад ешқашан қарыз алып көрмеген.
- 2015 жылдың наурыз айында Ингуар өзінің 89 жас мерейтойын атап өтті. Сол кезде ұлдарына компания тізгінін табыстайтындығын мәлімдейді. Қазірдің өзінде ол бас кеңесші қызметінде, барлық маңызды шешімдерді қабылдайды. Өзі бір сөзінде: «Менің уақытым жоқ. Тіпті өлуге де уақыт жоқ,» – деген екен.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024