Алматы. 8 желтоқсан. 7kun.kz – Швед компаниясы IKEA барлық елдерде сатылымы жоғары болғандықтан табысын 20 % - ға есейтті. 2016 жылдың 31 тамызындағы есеп бойынша компанияның таза пайдасы 4,2 млрд еуроны құрады, ал бір жыл бұрынғы көрсеткіш 3,5 млрд еуроға тең еді деп жазылған компанияның қаржылай есебінде.
Түсім 7,4%-ға ұлғайып, рекордты 35,07 млрд еуро деген көлемге жетті. Осыған дейінгі көрсеткіш 32,66 млрд еуроны құраған еді. Бір жыл ішінде компания 12 дүкен және 19 тапсырыс беруге болатын 19 орталық ашты. IKEA қатысатын 28 нарықтың барлығында дерлік сатылым деңгейі жоғары болды. Әсіресе Қытай, Канада, Аустралия және Польша елдеріндегі сауда көрсеткіші ең үздік нәтиже көрсетті. Компания үшін бес ірі нарық - Германия, АҚШ, Франция, Ұлыбритания және Швеция елдері. Өткен қаржы жылында IKEA дүкенінің келушілер саны 783 млн адам болса, IKEA.com сайтының кірушілері шамамен 2,1 млрд құрады. Компания алдағы уақытта Үндістан және Сербия елдерінде дүкен ашуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар 14 елде істейтін онлайн – дүкендердің санын көбейтеді. IKEA компаниясын 1943 жылы Ингуара Кампарда әулеті құрған. Қазіргі таңда 28 елде жиһаздар мен үй тауарларына арналған 320 дүкені бар.Жангүлім ХАФИЗ "7"
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024