Tesla және SpaceX компанияларының негізін қалаушы Илон Маск алғаш рет әлемнің ең бай адамдары рейтингінде көш бастады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Америкалық Forbes журналы әлемдегі ең бай адамдардың жыл сайынғы рейтингін жариялады. 2022 жылы бұл тізімде жаңа көшбасшы пайда болды. Бірінші орында 50 жастағы Илон Маск тұрақтады.
Forbes мәліметінше, Масктың қазіргі байлығы 219 миллиард долларды құрап, бір жылда 45%-ға артқан. Масктың негізгі активтері – Tesla және SpaceX акциялары. Кәсіпкер сәйкесінше компанияның барлық акцияларының 17% және 44%-на иелік етеді.
Кәсіпкер Amazon онлайн-сатушысының негізін қалаушы Джефф Безосты басып озды. Ол төрт жыл бойы ең бай адам атағын иеленіп келген еді. Байлығы 171 миллиард долларға бағалан ол тізімде екінші орын алды.
Үздік үштікке LVMH компаниялар тобының президенті Бернар Арно (Louis Vuitton Moet Hennessy) енді. Зерттеу авторлары оған 158 миллиард доллар тиесілі екенін жазады.
Microsoft негізін қалаушы Билл Гейтс 129 миллиард доллармен төртінші орында. Forbes рейтингінде одан кейін Berkshire Hathaway басшысы Уоррен Баффет (118 миллиард доллар) тұр.
Ал миллиардер саны бойынша көшбасшы елдер арасында АҚШ (735 адам) бірінші орында болса, екінші орында – Қытай (607 адам).
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024