Алматы. 8 тамыз. 7kun.kz – Бұдан былай Тesla бұқаралық компания болмайды. Оны жекешелендіруді көздеген Илон Маск барлық акцияларды сатып алатынын жариялады.
Әзірге оған оның 20%-ы ғана тиесілі. Қазір 1 акция 420 долларға бағаланып отыр. Осылайша ең ірі келісім құны 71 млрд доллар болмақ.
Бүгінде Тесла 58 млрд долларға бағаланатын корпорация. Соңғы кезде электромобиль шығарумен аты шыққан компанияның шығыны күрт көбейген. 2-тоқсан қорытындысы бойынша көрсеткіш 717,5 млн долларға жетті. Жаңа бетбұрыс жасауға себеп болған жағдайдың бірі осы.