АҚШ. 9 шілде. 7kun.kz – Илон Маск Twitter-ді сатып алу туралы 44 миллиард долларлық келісімнен бас тартты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ол келіссөзден бас тарту құқығын пайдаланды, себебі әлеуметтік желі оған боттар туралы деректерді бере алмаған.
«Маск мырза Twitter-дегі жалған немесе спам-аккаунттардың нақты саны әлеуметтік желі көрсеткен «5%-дан аз» дегеннен едәуір жоғары деп санауға негіз бар», – делінген құжатта.
Хат авторларының пікірінше, бұл көрсеткіш шынайы деректерден күрт төмен көрсетілген.
Әлеуметтік желі спам және фейк аккаунттарды тексеріп, бұғаттау туралы ақпарат бермеді. Сонымен қатар Маск компанияның қаржылық жағдайы туралы ұсынылған материалдарға да қанағаттанбады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024