
Астана. 13 қыркүйек. 7kun.kz - Иманғали Тасмағамбетов президент бұйрығымен премьер-министрдің орынбасары деп тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
"Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі қызметінен босатылып, премьер-министрдің орынбасары деп тағайындалсын", - делінген мемлекет басшысының бұйрығында.