Қазақстан Баспасөз клубы Сорос-Қазақстан Қорының қолдау көрсетуімен жаңа бірегей білім беру бастамасының - «iMedia Project» жобасының іске қосылғаны туралы хабарлайды.
Жобаға өтінімдер 2015 жылдың 28 қыркүйегіне дейін қабылданады. Білікті қазылар алқасы өтінім берген қазақстандық БАҚ журналистері мен редакторларының ішінен 20 финалисті анықтайды. Үздіктер бір жыл аралығында бес апталық тегін оқу курсынан өтеді. Курс барысында The New York Times, USA Today, CNN, The Huffington Post, Pro Publica және басқа да БАҚ-тың практик-журналистері, Миссури штаты университеті Журналистика мектебінің және Джорджия штаты университетіне қарасты Грэди атындағы Журналистика және бұқаралық коммуникация колледжінің ұстаздары дәріс өтеді. Олар қазақстандық журналистерге мультимедиалық стартаптарды құру және оларды кешенді түрде ілгерілету бойынша, сондай-ақ, медиа-кәсіпкерлік және контенттен ақша табу машықтарына оқытады. Толығырақ ақпарат - http://imediaproject.org сайтынан оқи аласыздарПохожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024