Алматы. 4 қыкүйек. 7kun.kz – Индонезияның төл валютасы рупия құлдырады, деп хабарлайды Блумберг.
Агенттіктің мәліметінше, бұған Аргентина мен Түркиядағы валюта дағдарысы және Қытай мен АҚШ арасындағы сауда соғысы себеп болған. Бұл факторлар дамушы нарықтың активтеріне ықпалын тигізіп отыр.
Өткен аптаның соңында ел валютасы долларға шаққанда 14750 рупия болды. Бұл 1998 жылғы Азия қаржы дағдарысынан бергі ең төменгі көрсеткіш. Айта кетейік, Индонезия рупиясы басқа елдердің валютасы сияқты АҚШ долларына тәуелді. Дегенмен, қазіргі таңда бірқатар мемлекет америкалық валютамен есеп айырысудан бас тартудың жолын іздеп жатыр.