Алматы. 17 маусым. 7kun.kz – inDriver -- Көлік және тұрмыстық қызметтердің халықаралық IT-платформасы енді қазақ тілінде қолжетімді. Пайдаланушылар қазақ және орыс тілдерін ыңғайларына қарай таңдай алады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Бұл inDriver-дің соңғы бірнеше жылдағы Қазақстандағы ең ірі жаңартуларының бірі. Жаңа енгізілім күн сайын жүздеген мың қазақстандықтар пайдаланатын сервисті одан да ыңғайлы әрі жеңіл етеді.
inDriver Қазақстан нарығына 2014 жылы шықты. Содан бері қосымша айтарлықтай өзгерді: қауіпсіздік функциялары енгізілді, жаңа қызметтер іске қосылды (платформа арқылы жөндеу шеберін, курьерді, жүк тиеушілерді, "Сұлулық" санатындағы маманды және т.б. шақыруға болады). Алайда, осы уақыт ішінде қызмет тек орыс тілінде жұмысын атқарды. Қазақ тіліндегі нұсқаның іске қосылуы платформаны пайдалану тәжірибесін осы тілде сөйлескенді жөн көретін пайдаланушылар үшін ыңғайлы етуге арналған.
Бүгінгі таңда inDriver әлемнің 42 елінде жұмыс істейді. Платформаны мемлекеттік тілдерге аудару өнімді ұлттық нарыққа бейімдеу бойынша стратегиялық мақсаттардың бірі болып табылады. Бұл, әсіресе, бірден бірнеше тіл мемлекеттік тіл деп танылған Қазақстан сияқты елдер үшін өзекті мәселе.
«Біз Қазақстанда 2014 жылдан бері табысты жұмыс істеп келеміз. Бұл inDriver үшін ТМД-дағы және әлемдегі ең үлкен нарық болып табылады. Біздің қолдау қызметіміз басынан бастап қазақ тілінде сөйледі. Сондықтан платформа тілін қазақ тіліне аудару тек уақыт мәселесі болды. Бүгін мен көптен күткен оқиға болғанын хабарлауға қуаныштымын», – деді inDriver Қазақстандағы бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Арай Бекембаев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024