Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — Алдағы екі жылда немістің Infarm стартапы Еуроодақ елдерін жапырақты көкеністерді өсіруге арналған тік модульді фермалар желісімен жабдықтайды, деп мәлімдеді hightech.fm.
Қазірдің өзінде компания Берлинде 50-ден астам ферма ашқан. Соның ішінде ірі Metro мен Edeka сауда желілері бар.
2019 жылдың соңында Infarm 1000-нан астам модульді тік фермаларды Еуроодақ елдерінде ашады. Компанияның әзірге Берлинде 50 нүктесі ғана бар. Бірақ 2018 жылдың желтоқсанына қарай Германияның басқа қалаларында, одан әрі Париж, Копенгаген, Лондонда осындай фермалар пайда болады.
Infarm технологиясы шөптер, көкеністер мен жеміс-жидектерді өсіруге мүмкіндік береді. Стартаптың ассортименті әзірге көкеністің 200 сортымен шектеліп отыр. Алдағы жылда компания саңырауқұлақ, чили бұрышы, қызанақ өсіруді жоспарлап отыр.
Infarm фирмаларды қашықтықтан басқарады. Егін жайлы мәліметтер бұлтты жүйеге түсіп отырады да, сол арқылы компания қызметкерлері егін өсуін, тағы да басқа қызметтерді реттей алады.
Егін жайлы толыққанды ақпараттар компанияның егін температурасын, жарықтандырылуын реттеуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әрбір өскіннің жеке қоректік заттарының құрамына дейін мән беріледі. Infarm компаниясының өкілдерінің айтуынша, бұндай тәсілмен егін бітік шығады. Ай сайын 2 шаршы метр алаңы бар бір модульде, 1200 өсімдік өсеруге болады.
Ақпан айының басында, стартап қаржыландыру раундынан 25 млн доллар тартқан. TechCrunch мәлімдемесінде, Infarm компаниясының инвесторлары Balderton Capital, TriplePoint Capital, Mons Investments, Cherry Ventures, QUADIA және LocalGlobe болды. Бұдан бұрын компания Еурокомиссиядан 2,5 млн доллар грант ұтып алған. Жалпы, Infarm стартапы 35 млн доллар инвестиция тартқан.
Компания жиналған ақшаларды экспансияға және Берлиндегі 5000 шаршы метр ғылыми-зерттеу орталығын дамытуға жұмсайтын болады. Сондай ақ, келешекте Оңтүстік Корея мен АҚШ-та филиалдарын ашуға ниетті.
Қания Табыс
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024