Инфляция сәуірде 13,2%-ға дейін жеделдеді: Экономика пандемияға дейінгі кезеңге оралуда
Қазақстан. 5 мамыр. 7kun.kz – Геосаяси шиеленіс себебінен тауар жеткізу проблемалары күрделеніп, әлемде инфляциялық қысым күшейіп келеді. Бұл туралы ҚР ҰБ Төрағасы Ғалымжан Пірматов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.
Биылғы 1-тоқсанда жалпы ішкі өнімнің өсуі 4,4%-ды құрады. Экономика 2021 жылы 4%-ға артып, пандемияға дейінге кезеңге оралуда. 2022 жылғы наурызда тауар айналымының өсуі жылдық мәнде 3,7%-ға дейін жеделдеді. Ал Инфляция осы жылғы сәуірде 13,2%-ды құрады.
«Азық-түлік тауарларының бағасы ең көп өсіп, 17,9%-ға артты. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсуі 11,1%-ға, ақылы қызметтер бағасының өсуі 8,9%-ға дейін жеделдеді», – деді Пірматов.
Сондай-ақ, Ұлттық Банк 25 сәуірде базалық ставканы 14%-ға дейін көтерді. Сәйкесінше, халықтың теңгедегі салымдары бойынша Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының шекті ставкалары да көтерілді.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің валютаны сату көлемін ұлғайту мақсатында олардың жалпы валюталық түсімінің міндетті сату мөлшері 50%-дан 75%-ға дейін ұлғайтылды.
Қабылданған шараларға байланысты ішкі валюта нарығындағы жағдай тұрақталып келеді. Қазір сұраныс пен ұсыныс теңесіп тұр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024