Алматы. 22 шілде. 7kun.kz — Instagram модерация саясатына өзгертулер енгізді - енді әлеуметтік желі жеке аккаунт жойылатын жағдайда оны пайдаланушыларға ескертеді. Бұл туралы компанияның блогында айтылған.
Хабарламада жоюға тура келген жарияланымдар, пікірлер және "стористер", сондай-ақ оның себептері көрсетіледі. Мысалы, Instagram порнография, жек көрушілікті оятатын және басқа да әлеуметтік желі ережелерін бұзатын контенті бар посттарды жояды.
Instagram пайдаланушыларға әлеуметтік желі шешімі туралы хабарламаға тікелей шағымдануға мүмкіндік береді. Алдымен пайдаланушылар контенттің кейбір түрлеріне ғана апелляция бере алады, бірақ жақын арада әлеуметтік желі осы тізімді кеңейтеді. Егер жарияланым қате жойылған болса, Instagram жазбаны қалпына келтіреді.
Айта кетейік, қазіргі таңда Instagram заңсыз контенттегі есептік жазбаларды жояды. Енді компания белгілі бір кезең ішінде әлеуметтік желі ережелерін бұзатын аккаунттарды оқшаулауды жоспарлап отыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024