Алматы. 21 ақпан. 7kun.kz – Instagram желісі қайырымдылыққа арналған стикерлерді стористарына қосады.
Функция пайдаланушыларға қолжетімсіз, себебі тесттен өтіп жатыр. Оны бірінші болып Instagram парақшасын қолданушы Джейн Манчун Вонг байқаған.
Вонг мәліметтері бойынша, әлеуметтік желіде қайырымдылық жобалар бойынша іздеу пайда болады. Instagram желісіне тіркелушілер қайырымдылыққа ақша бөлу үшін өздерінің парақшасына ақ жүрекшемен көк стикерді қоя алады.
Instagram желісі «осы жылдың соңында» стористағы фандрайзингті іске қосатынын растады.
Айта кетейік, Facebook қайырымдылыққа қаржы жинау қызметін 2015 жылы коммерциялық емес ұйымдар мен жеке тұлғалар үшін іске қосты. Әлеуметтік желі 2018 жылдың қараша айында тұтынушылар арқасында 1 млрд доллар жинаған.
2018 жылы мамырда Instagram-да кірістірілген төлемдер функциясы пайда болды. Ол қосымшадан шықпай төлем ақпаратын енгізетін тауарлар мен қызметтерді төлеуге мүмкіндік береді. Әлі де функция тек кейбір пайдаланушыларға қолжетімді.
Осы жылдың қаңтар айында инвесторларға арналған конференц-колл кезінде Марк Цукерберг Instagram-ның даму бағыттарының бірі "коммерция, транзакцияларды енгізу және пайдаланушылар үшін сатып алу тәжірибесін жақсарту" болатынын мәлімдеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024