Британияның InterContinental Hotels Group (IHG) қонақүйлер желісі Американың Starwood Hotels & Resorts желісімен бірігу туралы келіссөздерді жүргізіп жатыр деп хабарлайды Financial Times.
Басылым дереккөздерінің айтуынша, келіссөздер енді ғана басталған және егер өзге даму стратегиясын қаласа, Starwood мәміледен бас тартуы мүмкін. Компанияның ресми өкілдері пікір білдіруден бас тартты.
Бейсенбі күні компаниялар қаржылық есептерін жария еткен-тін, соларға сәйкес IHG бірінші жартыжылдықта салық алынғанға дейінгі табысын 21%-ға, 458 млн долларға дейін арттырған, бұл ретте Starwood пайдасы ІІ тоқсанда 11%-ға, 136 млн долларға дейін төмендеген.
Starwood капитализациясы - шамамен $13,8 млрд, IHG - $9,5 млрд. Starwood 1200 қонақ үйдің операторы болса, IHG қонақүйлерінің саны - кемінде 4800.
Екі компания біріккен жағдайда бұл фирма дүниежүзілік қонақ үй бизнесінің көшбасшысы болмақ.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024