«InternetCA-2019 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы» Х ортаазиялық форумы өтеді
30-31 мамыры күндері Алматыда дәстүрлі «InternetCA-2019 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы» Х ортаазиялық форумы өтеді.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Офисі мен Конрад Аденауэр атындағы қоры қолдауымен өтетін форумның биылғы тақырыбы: «Цифрлық сауаттылық: кәсіби құзырет, қауіпсіздік және тұтыну».
Форумда талқыланатын негізгі тақырыптар:
· Ақпараттық ортаға әсер етуі ықтимал (нейрожүйелер) интернеттегі негізгі технологиялық және құқықтық тенденциялар;
· Медиа және ақпараттық сауаттылық, фактчекинг;
· Желілік этика мен өзін-өзі реттеу;
· Пропаганда, өшпенділік тілі, жалған ақпарат, зорлық-зомбылық экстремизіміне аудиторияны оқыту арқылы қарсы тұру;
· киберқауіпсіздік пен дербес деректерді қорғау;
· Цифрлы білім беру;
· Аудиторияның мүмкіндігін арттыру мен олардың құқықтарын қорғауға арналған интернет сервистер мен өнімдер;
· БАҚ-тың кезектен тыс сайлау мен одан кейінгі қоғамдағы рөлі;
· Интернетте адам құқықтарын сақтауға арналған қолайлы құқықтық жағдайлар және т.б.
Осымен оныншы рет өткізілетін форумға Германия, Чехия, Ресей, Украина, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ-дың, дипломаттар, журналистер, сарапшылар, академиялық және бизнес орта өкілдері аймақ ақпараттық кеңістігіндегі БАҚ-тың, қоғамның және мемлекттің рөлдерін талқылай отырып, тың бастамалар мен идеяларды, нақты мысалдар мен құралдарды талқылайтын болады.
Өтетін күні: 30-31 мамыр 2019 жыл
Тіркеу уақыты: 9:30
Шараның басталуы: 10:00
Өтетін орны: Ramada Almaty Hotel, Алматы, Қазақстан
Толығырақ ақпарат алу үшін:
Думан Смаков , Алёна Кошкина
+7 727 292 2046, +7 747 987 9879, +7 702 629 2866
medianet.smm@gmail.com, medianet.kz
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024