Инвестиция және даму министрлігі Зейнетақы қорының қаржысы туралы сұраққа жауап берді
Астана. 21 ақпан. 7kun.kz - Инвестиция және даму министрлігі БЖЗҚ-дан (Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан) 50 млрд теңгенің елдің теміржол саласына бөлінуі туралы сұраққа жауап берді деп жазады LS.
Ведомствоның атап өтуінше, БЖЗҚ қаржысы ол салаға инвестиция тартудың бір мүмкіндігі ғана.
"Инвестиция және даму вице-министрі Альберт Раудың баяндамасында "Қазақстан темір жолы" үшін темір жол вагондарын өндіру үшін 50 млрд теңгенің бөлінуі қаржы тартудың бір мүмкіндігі ретінде ғана айтылды. БЖЗҚ-дан бөлек бұл салаға ақша әкелудің басқа да шаралары қарастырылып жатыр", - деп атап өтеді ведомстводан. Қаржыландыруға қатысты нақты шешім қабылданған жоқ.
Осыған дейін БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңес Ұлттық банкке және БЖЗҚ басшылығына 50 млрд теңгенің теміржол саласына бөлінуін түсіндіру туралы хат жазды. Бұған 20 ақпанда инвестиция және даму вице-министрі Альберт Раудың зейнетақы қоырының 50 млрд теңгесі темір жол саласына бөлінеді деген мәлімдемесі себеп болды. Оның сөзінше, бұл қаржы темір жол саласын субсидиялауға жұмсалады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024