Алматы. 16 ақпан. 7kun.kz — Солтүстік Каролина Университетінің инженерлері әуеде ұшып, суда жүзе алатын және су асты зерттеулерін жасауға қабілетті дрон жасап шығарды, деп мәлімдеді hightech.fm.
EagleRay артықшылығы ол судың бетінде қону ғана емес, су астында түсірілім жасай алады. Күн энергиясымен қуатталады.
Дрон британдық өнертабыс AquaMav-қа көбірек ұқсайды. Одан айырмашылығы суға секірер алдында қанаттарын жимайды, сол жазылған күйінде сақтайды. Олардың өлшемі -150 см болса, дронның ұзындығы -140 см. Пропеллер тұмсықтары аппаратқа ауада, суда жеңіл қозғалуға мүмкіндік береді.
Құрастырушылардың айтуынша, EagleRay суға қону арқылы батареяның қызмет ету мерзімін ұзарта алады. Сондай-ақ, суасты фаунасын, табиғи тіршілік орталарды зерттей алады.
Бұл аппарат әдеттегі әуе дрондарының істей алмағанын, яғни ұзақ қашықтыққа ұша алады, су аппараттарына қолжетімсіз болған жерлерге бақылау жасауға қабілеті жетеді.
EagleRay әзірлеушілердің бірі Уильям Стюарт EagleRay су асты сенсорларын белсенді пайдаланып, бір жерден екіншісіне ауыса алады дейді.
«Мысалы, сонарлар(қашықтықты анықтағыш) тек су астында ғана жұмыс істейді. Егер сіз сонардың көмегімен бірдеңе іздесеңіз, EagleRay сол орынға ұшып барып, су бетіне қонып, сонардан деректерді алып, қайтадан жаңа нүктеге ұшуға болады. Ал әдетте бұл үшін ұшақтарға гидроакустикалық буиларды түсіруді қажет етеді», - дейді ол.
Қазіргі уақытта инженерлер дронның өлшемін қалайша азайтуға немесе ұлғайтуға болатыны жайлы ойлануда. Сондай-ақ, олар операторға құрылғыны ауада да, суда да оңай басқаруға мүмкіндік беретін контроллерді әзірлейді.
https://www.youtube.com/watch?time_continue=5&v=Aw01NnG9hu0&app=desktopҚания Табыс
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024