Экономика
IT, Технология
iPhone-ға бір апта бойы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін қуат көзі ойлап табылды
Британдық Intelligent Energy фирмасы iPhone 6 смартфонына бір апта бойы қайта қуаттандырусыз жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аккумулятор ойлап тапқандығын мәлімдеді. Бұл туралы The Telegraph жазады.
Жаңа қуат құрылғысын пайдалану үшін гаджеттің формасын немесе үлгісін өзгертудің қажеті жоқ. Қарапайым құрылғылардан негізгі айырмашылығы - смартфонның артқы бөлігінде буландыруға арналған желдеткіш саңылауының болуы.
Коммерциялық сатылымға шығару үшін компания бір апта бойы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін құрамында сутек бар ұнтағы бар, болашақ гаджеттердің төменгі бөлігіне қойылатын картридж құрастырмақшы. Жаңа қуат көзінің бағасы компания арқылы есептеліп жатыр. Macbook Air үшін де дәл осындай жүйе құрастырылуда.
Дегенмен де Intelligent Energy компаниясының атқарушы директоры Генри Уинард бұл ақпарат туралы пікір білдіруден бас тартты. Бірақ мұндай сипаттағы құрылғыны әлі ешкім құрастырмағандығын атап өтті.
Похожие материалы
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024