Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ипотекалық қарыздар 161 млрд теңгеге қайта қаржыландырылады

Ипотекалық қарыздар 161 млрд теңгеге қайта қаржыландырылады

Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы аясында 2019 жылғы 1 ақпанда 161,1 млрд теңге сомаға 26 021 қарызды қайта қаржыландыруды мақұлдады, 141,1 млрд теңге сомаға 24 195 қарыз қайта қаржыландырылды, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі.

Ақша игерудің револьверлік тетігін ескере отырып, 2026 жылға дейін республика бойынша қайта қаржыландырылған қарыздардың саны шамамен 40 мың болуы мүмкін.

"Қайта қаржыландырылатын қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12%-ды (халықтың әлеуметтік осал топтары үшін – жылдық 3%) құрайды. Егер қолданыстағы сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12%-дан аз болса, қарызды қайта қаржыландыру кезінде сыйақы мөлшерлемесі ұлғайтылмайды. Бүгінгі күні ипотекалық қарыздар бойынша орташа нарықтық мөлшерлеме жылдық 12% -14% аралығын құрайды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ұлттық банк валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру қарыз алушының борыштық жүктемесін екі және одан да көп есе төмендетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

2019 жылғы 1 ақпанда банктер 53,6 млрд теңге сомаға 6 361 валюталық ипотекалық қарызды қайта қаржыландыруға мақұлдады. 38,6 млрд теңге сомаға 4 917 қарыз қайта қаржыландырылды.

Айта кетейік, валюталық ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру мерзімі 2019 жылы 15 шілдеде аяқталады.


Похожие материалы