Ирак мұнай өндіру көлемін рекордқа жеткізді, және осы жылы мұнай бағасының арзандауына қарамастан экпорт көлемін арттыруға ниет білдіріп отыр. Бұл жөнінде мемлекеттің мұнай министрі Адель Абдул Махди хабарлады.
«Иракта өндірілетін мұнайдың орташа көлемі күніне 4 млн баррельді құрайды, бұл дегеніміз тарихта болмаған рекорд», – деген А. Махдидің сөзін Bloomberg агенттігі атап өтті.
Мемлекеттік мұнай өткізуші State Oil Marketing Organization (SOMO) компаниясының дерегіне сүйенсек, желтоқсан айында мұнай өндіру көлемі 3,35 млн баррельді құраған екен.
Министрдің айтуынша, Ирак ағымдағы жылы елдің солтүстігіндегі Күрдістаннан жеткізу есебінен мұнай экспортын тәулігіне 3,3 млн баррельге дейін өсірмекші.
Ирак пен Түркия дүйсенбі күні Джейхан порты арқылы алдағы айда 375 мың баррельге дейін, ал осы жылдың сәуіріне дейін 600 мың баррельге дейін мұнай экспортын арттыру туралы келісімге келгенін А. Махди айта кетті.
Мұнай қоры 2002 жылмен салыстырғанда қараша айының соңына қарай 305,8 млн баррельге жетті.
Өткен жылы нарықта шикізат жеткізіп берудің өсіп, сұраныс азаюына және ОПЕК елдерінің мұнай шығаруды қысқартудан бас тартуына орай мұнай бағасы шамамен 50%-ға арзандаған болатын.
А. Махдидің ойынша, 2015 жылдың екінші жартысында мұнай бағасы қалыпқа түседі, бірақ 2014 жылғы бағалар қайта орала қоймас деп санайды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024