Астана. 6 желтоқсан. 7kun.kz - Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы (ЕЭК) Тигран Саркисян Иран Ислам Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Меди Санаимен бірге Иран мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында еркін сауда аймағын құруға қатысты мәселені талқылады. Бұл туралы inform.kz жазды.
Тигран Саркисян еркін сауда аймағын құру - еуразиялық интеграциялық бірлестік пен Иран арасындағы байланыстардың маңызды аспектілері болып отырғандығын атап өтті. ЕЭК алқасының төрағасының сөзінше, Иран ЕАЭО елдері үшін еркін сауда аймағын құру мәселесі бойынша басымдыққа ие елдердің бірі.
Одаққа мүше мемлекеттердің басшылары да Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран арасындағы қырам-қатынастарды тереңдетуді қолдайды. «Біздіңше екіжақты қарым-қатынаста экономикалық өсімді қамтамасыз ете алатын салмақты әлеует бар»,-деді ЕЭК алқа төрағасы.
Өз кезегінде Мехди Санай Иранның Одаққа мүше елдермен еркін сауда аймағын құруға ерекше ықыласты екендігін және бұл процестің мүмкіндігінше жедел жүруін қалайтындығын айтты. «Иран ЕАЭО ұйымына мүше елдердің барлығымен жақсы қарым-қатынаста. Сондықтан бізде тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру үшін барлық шарттар бар»,-деді Иран Ислам Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024