Иран халықаралық санкция алынғаннан кейін ақпан айында мұнай экспортын 1,4 млн баррелге арттырды, деп хабарлайды Mehr ирандық агенттігі National Iranian Oil Co-ның (NIOC) халықаралық істер жөніндегі директоры Сеяд Мохсен Гамсариге сілтеме жасап.
Сеяд Мохсен Гамсаридің болжамына сәйкес, Иран наурыз айында мұнай көлемін тәулігіне 1,56 млн баррелге арттыруы мүмкін.
Мемлекет ең көп экспортты еуропалық мемлекеттерге жасайды. "Оcыған байланысты Шығыс Еуропа иран мұнайын жеткізуде потенциалды нарық болып есептеледі", - деп атап өтті NIOC өкілі.
Ал Hellenic Petroleum грекиялық компаниясы Ираннан мұнайды сатып алуды екі есе арттыруы мүмкін, деп жазды Shan ирандық агенттігі. Себебі мұндай келісім Грекияның премьер-министрі Алексис Ципрастың ақпан айының басында Иранға ресми сапары кезінде жасалған.
Иранның энергетика министрлігінің мәліметіне сәйкес, Иран грекиялық компанияға жеткізілетін мұнай көлемі тәулігіне 150 мың баррелге артуы мүмкін.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024