Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Иран қазақстандық металдарды импорттауға қызығушылық танытуда

Иран қазақстандық металдарды импорттауға қызығушылық танытуда

Қазақстан халықаралық санкцияларды алып тастауға байланысты Иранға экспортты дамытуға ниетті, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде Тау-кен өндіруші және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец.

«Біз әрине Ираннан санкцияларды алып тастауды пайдалануымыз керек. Қолымыздан келсе, жоғалтқанымыздың орнын толтыруға тырысамыз, өйткені ол жақтан сұраныс бар», - деді Н.Радостовец.
Сондай-ақ, ол кәсіпорындарда мұнайдың бағасы әр түрлі болған жағдайға әр түрлі жоспарлар барын айтып өтті.
«Бір жағынан, бұрын кәсіпорындар бірқатар жөндеу, құрылыс жұмыстарын  аутсорсингте жүргізсе, енді оларды компанияның қызметкерлері жүргізетін болады. Жалпы, біз тау-кен металлургия саласында жұмыс орындарының айтарлықтай азаюы болмауы тиіс деп отырмыз, өйткені бұл өндірістің кезеңділігін біз жақсы білеміз», - деп нақтылады ол.
Қауымдастық Қытай тарапынан сатып алу көлемінің төмендеуіне байланысты тау-кен металлургия өнімдерін сатудың жаңа нарықтарын іздеуге ниетті. Сондай-ақ, Н.Радостовец металл бағаларының таяу арада артуын жоққа шығармайды.
«Салықтарды қайта қарау керек. Қазір жаңа кедендік кодекс қалыптасады, және сатулардан алынатын салық енгізіледі. Бұл салықтың қиын уақытта компанияға түсетін салықтық жүктемені арттырмай, өндірісті жаңартуға ынталандыру болатыны өте маңызды. Біз салықтардың ынталандырушы функцияларын толық пайдалануымыз қажет», - деп мәлімдеді ТМКҚ басшысы.
Фото:alashainasy.kz

Похожие материалы