Иран мұнайының экспорты үш айдан соң тәулігіне 2 млн баррелді құрайды. Бұл туралы Ислам Республикасының бірінші вице-президенті Эсхак Джахангири мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.
"Санкция алынып тасталғаннан кейін Иранның шетелге тасымалданатын мұнайының көлемі тәулігіне 1,4 млн баррелді құрады. Үш айдан соң бұл көрсеткіш 2 млн баррелге дейін артады", - деп мәлімдеді вице-президент.
Ол өткен айда мемлекет шетелге мұнай тіркелген 29 кемені жібергенін еске салды. Ираннан мұнайды француз, испан және ресей көмпаниялары сатып алуда. Ал кезекте голланд, италья және грек компаниялары тұр, деп атап өтеді жергілікті ирандық БАҚ өкілдері.
Бұдан бұрын Э.Джахангири 2016 жылдың наурыз айынан бастап экспортты 1,5 млн баррелге арттыратынын мәлімдеген. Сондай-ақ, Иран билігі санкция кезінде нарықта болған шығынның орнын толтыру үшін шикізат көлемін тәулігіне 2,4 млн баррелге дейін ұлғайтатыны туралы айтқан еді.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024