Алматы. 28 желтоқсан. 7kun.kz – Иран ми имплантаттарын жасау саласында зор жетістіктерге жетті. Бұл туралы Иранның когнитивтік ғылым және технологиялар штабының жанындағы ми имплантаттары жұмыс тобының жетекшісі Хосейн Магами айтты, деп хабарлайды ИРНА.
Маманның сөзіне қарағанда, ми имплаттанттарын тек медицинада ғана емес, әскери салада да пайдалануға болатынын жеткізді.
«Қазіргі кезде ирандық ғалымдар әлемдегі ми имплантаттары саласындағы ғылыми жұмыстардың 0,6 пайызын жазып жатыр. Мәліметтерге қарағанда, Иран ми имплантаттары бойынша әлемдегі алдыңғы 25 елдің қатарында», - дейді Хосейн Магами.
Ми имплантаты - бас сүйектің ішінде адамның ми жүйесімен өзара байланыс орнататын әлеуетті құрылғы. Алайда қазіргі заманауи техникалық жетістіктер миды толығымен имплантациялауға мүмкіндігі жоқ.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





