Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ірі инвесторлар салықтық жеңілдіктерге ие болады

Ірі инвесторлар салықтық жеңілдіктерге ие болады
Қазақстанға 12 млн. доллардан астам инвестициялар құйған шетелдік компаниялар салықтық жеңілдіктерге ие болады Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ерлан Хаиров хабарлады. «Егер инвестор 6 басымдықты салаларға қатысты болса (металлургия, химия, мұнайхимия, машина жасау, құрылыс материалдары өндірісі, тамақ өнеркәсібі) және 2 млн. айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) астам қаржы салса - бұрын біз бұл 20 млн. долларға жуық екенін айтқанбыз, қазір бұл 12 млн. долларға тарта қаржыны құрайды, онда біз 10 жылға корпоративтік табыс салығынан, 10 жылға - жер салығынан, 8 жылға - мүлік салығынан босатамыз», - деді Е.Хаиров. Сондай-ақ инвесторға «құрылыс кезеңіне және оған қоса бір жылға квотадан тыс шетелдік жұмыс күшін әкелуіне» рұқсат етіледі. «Біз акцизден және ҚҚС-нан басқа, салық мөлшерлемелерін тіркейміз, егер сізде қандайда бір мемлекеттік компаниямен немесе мемлекетпен қандайда бір ұзақмерзімді мемлекеттік тапсырыс бойынша уағдаластық болса, біз бұл шарттарды біздің келісім шарттарымызда көрсетеміз және бұл мемлекеттің міндеттемесі болады», - деп қосты Е.Хаиров. Оның мәліметтерінше, Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуал жыл сайын экономиканың әртүрлі салаларына көптеген миллондаған инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді. Соңғы 10 жылдың ішінде ғана олар 200 млрд. доллардан астам қаржыны құрады. «Тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша жалпы статистиканың көрсетуінше, 10 жылда 200 млрд. доллардан астам қаржыны құрады. Соңғы жылы біз оның төмендеп отырғанын көріп отырмыз, бірақ онша елеулі емес. Өңдеу секторына инвестициялар көлемі бұрынғы қарқында сақталып отыр. Бірақ та оның үлесі 14 пайыздан 18 пайызға дейін ұлғайғанын да көріп отырмыз», - деп нақтылады Е.Хаиров.  

Похожие материалы