Ірі кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері президентке "Қаңтар" оқиғасы туралы хат жолдады
Алматы. 21 сәуір. 7kun.kz – Елде ірі кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлерінен құралған «Qantar» құқықтық қолдау орталығы» ұйымы Қаңтар оқиғасы бойынша тергеуге көңілдері толмайтынын айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдады, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ұйым мүшелерінің бірі Болат Әбіловтің айтуынша, президент атына жазылған хаттан аса үлкен үміт күтпейді. Егер бұл хаттан еш нәтиже болмаса, халықаралық ұйымдарға шағым түсірмекші. Қор жұмысы мен ондағы заңгерлерді қаржыландырып отырған кәсіпкер Әбілов тергеу ісінің тежеліп тұрғанына наразы.
«Қаңтардағы қайғылы оқиға – 30 жылдық Назарбаев билігінің нәтижесі. Бейбіт митинг кезінде оқ тиіп қатты жараланған зардап шегуші 5 түрлі мемлекеттік арнаға сұқбат берді. Біреуі де көрсеткен жоқ. Сондықтан біз жазған хатқа аса үміттеніп отырған жоқпыз», - дейді Болат Әбілов.
2022 жылдың 27 қаңтарында құрылған қор қазір 55 қылмыстық істі өз бақылауына алған. Оның ішінде өлім фактісі бойынша 18 іс бар. Қылмыстық істерде нақты зардап шегушілер бар, бірақ күдікті тұлғалар жоқ дейді заңгерлер. Қаңтар оқиғасы бойынша қордың қаржысына 26 адвокат жұмыс істеп жатыр.
19 сәуірде Бас прокуратура таратқан «митингке қатысқандарға ақша таратылды» деген дерекпен «Qantar» ұйымы мүлде келіспейді. Одан бөлек, адвокаттар қылмыстық істің бәрі орыс тілінде болғанына реніштерін білдірді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024