Алматы. 15 наурыз. 7kun.kz – Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев қызметінен босатылған. Бұл туралы «Интерфакс-Қазақстан» хабарлады.
Агенттіктің жазуынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттан хабарсыз екендіктерін айтып, мәлімет беруден бас тартқан.
Ал «Время» газеті жазғандай И.Әбішев пара алды деген күдікке ілінген. Іс материалдарына сәйкес, комитет басшысы Соколов топтық сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және қосалқы елді мекендерді тарату желілерін салу үшін өткізілген конкурстың екінші кезеңінде 60 млн теңге пара алған.
«Бұл жұмыстар Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданында жоспарланған, ал лоттың жалпы құны 6 миллиард теңгені құрады. 60 миллион - бұл байқау көлемінің 1 проценті ғана», - делінген газет материалында.
Басылымның жазуынша, И. Әбішев ақшаны делдалдар арқылы алған. Жыл басында «Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының» вице-президенті Серік Төкеев арқылы 1,5 млн теңге алған болуы мүмкін. Аталған федерацияны Ислам Әбішев басқарады. «Ақпан айында С. Түкеев 8,5 млн теңге алды, яғни федерация арқылы берілген жалпы сома 10 млн теңгені құрады», - делінген материалда.
Ал, 14 наурыз күні қалған 50 миллион теңге Түркістан облысының тұрғыны, кәсіпкер Ислам Әбішевтің ағасы Қаныбек арқылы берілген болуы мүмкін. Ол ақшаны алғаннан кейінИслам Әбішев ұсталған.
«Сонымен қатар, Ислам Әбішев «Бәйтерек Development» АҚ басқарма төрағасы болған Бақыт Жақсыбаевтың қайынатасы», - деп жазады газет. Айта кетейік, Бақыт Жақсыбаев та жемқорлық үшін істе болған еді.
62 жасар Ислам Әбішев 2012 жылдың ақпан айынан бастап Су ресурстары комитетін басқарады. Оған дейін Өскемен қаласының әкімі (Шығыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы), Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан) әкімінің орынбасары және Ордабасы ауданының әкімі сынды қызметтерді атқарды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024