Алматы. 13 ақпан. 7kun.kz — Миландағы Политехникалық университеттің математиктері 4D-басып шығару саласына серпін жасады. Олар 3D принтерде басып шығарылған заттарды уақыт бойынша пішінін өзгерте алатын бағдарламалауды жасай алды, деп хабарлады hightech.fm.
Италяндық математиктердің жұмыстарының басым бөлігі Леонардо Фибоначидің (осыдан бірнеше ғасыр бұрын өмір сүрген) мойындалмаған еңбегіне негізделген.
Профессор Паскуал Чиарлерттің сөзінше, ортағасырлық ғалымдар 4D басып шығару саласында серпін жасаған. Алайда оны өздері де білмеген.
Чиарлеттің айтуынша, бұл жаңалық 4D басып шығаруды қолданатын инженерлерді ғана емес, биологтарды да қызықтырады. Себебі биологтар бұл құрылғыны ұлпадағы морфогенез кезінде паттерндердің кенеттен пайда болуын зерттеуге қолдана алады.
«Техника саласындағы мәселелерге жүз жылға жуық мұқият тәжірибе жүргізілгеніне қарамастан, физика белгілі бір деңгейде әлі де түсініксіз», — деді Чиарлетта. “Ал бұл зерттеуде (сырқаттардың) пайда болу шарттарын дәл болжап, тіпті пайда болуын наномасштабта бақылауға мүмкіндік беретін жаңа математикалық тәсіл ұсынылады”.
Зерттеу дизайнды жетілдіріп, түрлендірілген материалдардың келесі буынын жасауға әкеп соғуы мүмкін.
2017 жылы «Hype Cycle for Emerging Technologies» 2017 циклі аясында, Gartner ғылыми-зерттеу фирмасы 4D басып шығаруды, алдағы 5-10 жылдықта бақылайтын "мегатренд" деп атап өтті.
Сондай-ақ, 3D принтерде де өзгерістер бар. MIT зертханасы ColorFab әдісін әзірледі. Бұл әдіс 3D принтерде басып шығарылғаннан кейін заттың түсін бірнеше рет өзгертуге мүмкіндік береді.
Қания Табыс
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024