Алматы. 7 шілде. 7kun.kz - Ивреа қаласы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұраларының тізіміне енді, деп хабарлайды 24.kz.
Кішігірім қала мемлекеттің солтүстігінде орналасқан және «Оливетти» атты жазу машиналарын шығаруымен танымал. Компанияда жұмыскерлер мен жетекшілерді қосқанда барлығы 12 мың қызметкер бар. Күн сайын 1400 жазу машинкасын шығарады. Бұл құрылғыны және калькулятор, компьютер өндіретін зауытты 1907 жылы кәсіпкер Камилло Оливетти құрған. Сол ғасырдың ортасында ұлының басқаруымен Италияның ең беделді компанияларының бірі атанды. Табысты кәсіпкер өз жұмыскерлеріне арнап тұрғын үй кешені, ортақ асханалары, балабақша мен мектебі бар қала тұрғызды. Оның жоспарын сол заманның алдыңғы қатарлы жобалаушылары мен архитекторлары жасады. Қызметкерлердің әл-ауқатын кіші Оливетти өндірістік процестің ажырамас бөлігі деп санады. Үлгілі әлеуметтік жоба Ивреа бүгінде үлкен танымалдылыққа ие сонымен қатар ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген.
Айта кету керек, Италияда ЮНЕСКО-ның 54 нысаны бар.
- Соғыстан кейінгі кезеңде компания зор экономикалық және инновациялық дамуға қол жеткізді. Әрине, бұл өндірістік тәжірибенің бірден бір ерекшелігі болды. 1960 және 1970 жылдары Италиядағы екінші трансұлттық компания ретінде ол дүние жүзінде бірегей әлеуметтік, экономикалық және адамзат дамуының стратегиясын жасады, - дейді Энрико Бандьера, Olivetti тарихи архивінің бас мұрағатшысы.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024