Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Яндекс.Карталарда» мемлекеттер арасындағы шекара өшірілді

«Яндекс.Карталарда» мемлекеттер арасындағы шекара өшірілді

Яндекс. 10 маусым. 7kun.kz – 4 маусымда «Яндекс.Карталар» пайдаланушылары сервистің мобильді және веб-нұсқаларында мемлекеттік шекаралардың жоғалып кеткенін байқады. Шекаралар тек аймақтар мен облыстар арасында ғана қалды. Елдердің, аймақтардың және қалалардың атаулары сол қалпында қалды. 9 маусымда Яндекстің баспасөз қызметі компанияның қызмет тұжырымдамасы өзгергенін айтты.

Компания өкілдерінің айтуынша, енді карта саяси емес, физикалық-географиялық болады. Яндекс өз карталарында мемлекеттік шекараларға емес, табиғи нысандарға назар аударатынын атап өтті. Компания енді әлемді көрсетуге, сондай-ақ пайдаланушыларға қажетті ұйымдарды табуға, маршрут құруға, жақын жерлерді және қоғамдық көліктердің кестесін көрсетуге тырысады.

«Картада таулар, өзендер, полярлық шеңберлердің сызықтары және осы секілді басқа да деректер пайда болады. Өзгерістер бірте-бірте енгізіледі», – деді IT корпорациясының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 22 ақпанда Путин Ресей Украинаның Донецк және Луганск облыстары құрамындағы Донбасс республикаларын мойындайтынын мәлімдеді. Осыдан кейін сарапшылар картографиялық қызметтерде осы аймақтарды белгілеумен қиындықтар туындайтынын айты.

Похожие материалы